ТҮРКІСТАНДА ӨТКЕН «ШӘМШІ ӘНДЕРІ» ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ КӨРЕРМЕНГЕ ЕРЕКШЕ РУХАНИ ӘСЕР СЫЙЛАДЫ
Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» туристік кешенінде қазақ музыка өнерінің көрнекті тұлғасы, ән падишасы, Қазақстанның Халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған «Шәмші әндері» өнер фестивалі жоғары деңгейде өтті. Фестивальдің басты мақсаты – композитордың мол музыкалық мұрасын кеңінен дәріптеу, ұлттық өнерді насихаттау, жас орындаушылардың шығармашылық әлеуетін қолдау және Шәмші Қалдаяқов әндерінің мәңгілік көркемдік құндылығын кейінгі ұрпаққа таныту….
