СЕНБІЛІК ӘДЕТКЕ АЙНАЛЫП КЕЛЕДІ
Сарыағаш ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасымен санитарлық тазалықты қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Аудан аумағының тазалығын сақтау мен экологиялық мәдениетті орнықтыруды көздейтін бұл маңызды іс-шараға аудан әкімі Арман Абдуллаев, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және белсенді тұрғындар қатысты. Сенбілікте облыстық маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендердің ішкі көшелері қоқыстан тазартылып, арық-атыз жүйелері қалыпқа келтірілді….
