ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 22 НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Түркістан облысында елді мекендерді, қалалар мен аудандарды әлеуметтік маңызы бар нысандармен және инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Биыл өңірде 93 нысанның құрылысына бюджеттен 77,3 млрд теңге бөлінген. Жыл қорытындысы бойынша 58 нысанды пайдалануға беру жоспарланса, қазіргі таңда олардың 7-еуі халық игілігіне тапсырылды. Құрылыс саласындағы жұмыстардың орындалу барысы, әлеуметтік және инфрақұрылымдық…

Толық оқу

2-3 ЖЫЛДА ЖОЙЫЛАДЫ

Түркістан облысында шегірткеге қарсы күрес биыл да ерте басталды. Бұрын соңды қазіргідей белсенді жұмыс жүргізілмегендіктен, зиянкес дендеп кеткен екен. Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Сарыағаш және Келес аудандарындағы шегіртке зиянкесінің ошақтарына барды. Болжам орталығы мамандарымен күбіршелердің орналасу тығыздығын тексеріп көрді. Өңірде марокко шегірткесінің күбіршелерін анықтау үшін 52 900 га аумақта зерттеу жүргізіліп келеді. Бүгінге дейін Арыс…

Толық оқу

АҚСАРЫ АУЫЛЫ ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ

Ордабасы ауданында елді мекендерді инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Осы жұмыстар аясында Төрткүл ауылдық округіне қарасты Ақсары ауылына табиғи газ жеткізіліп, жаңа газ жүйесінің пайдалануға берілуіне арналған салтанатты рәсім өтті. Жоба облыстық бюджет қаражаты есебінен іске асырылды. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың қыркүйек айында басталып, 2026 жылдың маусым айында толық аяқталды. Нәтижесінде…

Толық оқу

АММИАК ПЕН КАРБАМИД ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Түркістан облысында құны 200 миллион АҚШ долларын құрайтын жаңа химия кәсіпорнының құрылысы басталды. Сауран ауданындағы арнайы экономикалық аймақта бой көтеретін зауыт жылына 250 мың тонна синтетикалық аммиак және 300 мың тоннаға жуық карбамид өндіреді. Жоба іске қосылғаннан кейін 300 жаңа жұмыс орны ашылады. Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы аясында елімізде жаңа жобаларды жүзеге…

Толық оқу

ТАЗАЛЫҚ САҚТАМАҒАНДАР 46 МЛН АЙЫППҰЛ АРҚАЛАҒАН

Туған жердің тазалығы – баршамызға ортақ жауапкершілік. Осы мақсатта Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмыстар жанданып, 19 қыркүйекте Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпыөңірлік тазалық акциясы ұйымдастырылады. Бұл күні елді мекендерді қоқыстан тазарту, абаттандыру және ағаш отырғызу шараларын өткізу жоспарланған. Өңірдегі экологиялық бастамалардың орындалу барысы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде қаралды….

Толық оқу

ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙ АРАСЫНДАҒЫ ТАТУ КӨРШІЛІК: ТҰРАҚТЫ ДАМУ МЕН ӨРКЕНДЕУДІҢ НЕГІЗІ

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары – екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық байланыстарды жаңа деңгейге көтеретін маңызды саяси оқиға. Бұл сапар Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара сенімге негізделген ынтымақтастықтың беріктігін айқындап қана қоймай, Еуразия кеңістігіндегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы ортақ ұстанымдардың сабақтастығын көрсетеді. Қазіргі әлемдік геосаяси жағдай күрделі…

Толық оқу

ОБЛЫС ӘКІМ ҚАЛАНЫ АВТОБУСПЕН АРАЛАДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Түркістан қаласында жуырда іске қосылған «Red Bus Turkistan» экскурсиялық автобусымен шаһарды аралап, туристік бағыттардың тиімділігімен және қызмет көрсету сапасымен танысты. Экскурсия барысында облыс әкімі қаладағы негізгі тарихи-мәдени және туристік нысандарды қамтитын маршруттың мүмкіндіктерін көріп, тұрғындар мен қала қонақтарына ұсынылатын сервистік қызметтердің сапасына ерекше назар аударды. Сондай-ақ жауапты сала басшыларымен бірге…

Толық оқу

ҒАСЫР ЖАСАҒАН МАЙДАНГЕРДІ АРДАҚТАДЫ

Түркістан облысында Жеңіс күніне орай ел тыныштығы мен ұрпақ амандығы жолында жанқиярлық ерлік көрсеткен ардагерлерге құрмет көрсету дәстүрі жалғасын табуда. Осыған орай Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков пен Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш ауданында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері, ғасыр жасаған қазыналы қария Эрмохан Ишхоновтың шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады. Кездесу барысында облыс…

Толық оқу

ҰРЫ ҰСТАЛДЫ

Кентау қаласында ақша қаражаты мен алтын бұйымдар сақталған сейфті ұрлау фактісі тіркелді. Аталған қылмыс бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, екі күдікті түнгі уақытта жеке тұрғын үй аумағына заңсыз кіріп, пластикалық терезені бұзу арқылы үй ішіне енген. Олар сейфті алып шығып кеткен. Жәбірленушінің айтуынша, сейф ішінде 300 АҚШ доллары және шамамен 4 миллион…

Толық оқу

ЖОЛ ЖОБАСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Түркістан облысында өңірлік инфрақұрылымды дамыту және жол сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, халықты сапалы жол желісімен қамтамасыз ету мақсатында бірқатар ірі жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Осы бағыттағы маңызды нысандардың бірі – Шардара ауданындағы Жаушықұм және Қалғансыр елді мекендерін өзара байланыстыратын аудандық маңыздағы автомобиль жолы. Қазіргі уақытта…

Толық оқу