ЖАҢА ЖЫЛДЫҢ ЖОСПАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен жаңа жылдың алғашқы аппарат отырысы өтті. Онда 2025 жылға арналған қала бюджетін игеру қорытындылары қаралып, 2026 жылғы мемлекеттік сатып алу конкурстарын өткізу мәселелері талқыланды.   Қаржы басқармасының басшысы Руслан Бақтыбаев 2025 жылдың қорытындысы бойынша қала бюджетінің негізгі көрсеткіштері орындалғанын, басым бағыттарға қарастырылған қаржылардың толық игерілгенін баяндады. Қала бюджетінің кірісі…

Толық оқу

БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ҚАРАЛДЫ

Балалардың құқықтарын, заңды мүдделерін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың басымдығының бірі. Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы өтті.   Күн тәртібінде: мектептерде стоматологиялық қызметпен қамту, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау; білім беру ұйымдарының спорттық, зияткерлік, мәдени-ағартушылық және өзге де іс-шараларға қатысу…

Толық оқу

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ЗАҢСЫЗ ПАЙДАЛАНУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ

Түркістан облысының аумағында кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру қызметімен айналысатын барлығы 221 жер қойнауын пайдаланушы тіркелген. Олардың ішінде 75 субъект келісімшарт негізінде, ал 146 кәсіпорын лицензиялық тәртіппен жұмыс жүргізуде. Аталған мәселе облыс әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбектің төрағалығымен өткен арнайы жиында кеңінен қаралды. Жиын барысында өңірдегі жер қойнауын тиімді әрі заңды пайдалану, сондай-ақ заңсыз әрекеттердің алдын…

Толық оқу

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫ ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕ КЕҢЕС ӨТТІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен жаңа Конституцияны іске асыру мәселесіне арналған жұмыс кеңесі өтті. Жиын барысында биыл 15 наурызда республикалық референдум арқылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын жүзеге асыру тетіктері талқыланды. Кеңеске Мәулен Әшімбаев, Ерлан Қошанов, Олжас Бектенов, Ерлан Қарин, Айбек Дәдебай, Ержан Жиенбаев және Ерлан Сәрсембаев қатысты. Мемлекет басшысы «2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының…

Толық оқу

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: — МЕДИЦИНА ҚАРЖЫСЫ МАҚСАТТЫ ЖҰМСАЛУЫ ТИІС

Түркістан облысында денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер, оларды шешу жолдары және атқарылып жатқан жұмыстар облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде жан-жақты қаралды. Жиында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев саладағы негізгі көрсеткіштерге тоқталып, вакцинация жұмыстарының барысы туралы баяндады. Оның айтуынша, өңірде екпе жұмыстары жоспарлы және эпидемиологиялық жағдайға байланысты жүргізілетін жедел иммундау бағыттары…

Толық оқу

ДОТАЦИЯЛЫҚ АЙМАҚТАР ҚАТАРЫНАН ШЫҒУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен кезекті Инвестициялық штабтың отырысы өтті. Басқосуда өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалардың орындалу барысы сараланып, 2026 жылы іске асырылатын бастамалар мен шетелдік инвестиция тарту бағытындағы жұмыстар талқыланды. Облыс басшысы жобаларды іске асыру мерзімін кешеуілдеткен аудан, қала әкімдерінің жұмысын сынға алып, бұл бағыттағы жұмысты күшейтуді тапсырды. Нұралхан Көшеров:  –…

Толық оқу

ПРЕЗИДЕНТ ЖАҢА ӘКІМДІ ҚАБЫЛДАДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының жаңадан тағайындалған әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдап, бірқатар міндеттер жүктеді. Алматы әкімі алдымен алда атқарылатын жұмыстардың басымдық берілген бағыттары, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық даму, қала экологиясын оңалту және тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту жоспары туралы баяндады.   Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мегаполисті дамытудың негізгі міндеттерін айқындап берді. Атап айтқанда, тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету,…

Толық оқу

ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯДА ТАЛҚЫЛАНДЫ

Кәсіпкерлікті, құрылыс, инфрақұрылымды дамыту, жер қатынастары және табиғат пайдалану мәселелері тұрақты комиссия отырысында талқыланды. Оған облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішовтің өзі қатысты. Күн тәртібінде: 1. «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы №14/180-VІII шешіміне өзгерістер енгізу туралы; 2. Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен…

Толық оқу

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов Бірлік ауылдық округінде тұрғындардың талап-тілектерін тыңдау үшін Келес ауданына арнайы барды. Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау барысында ауылдың әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуына қатысты бірқатар ұсыныс айтылды. Кездесу барысында тұрғындар ауылды газдандыру, автомобиль жолдарын жөндеу, жаңа мектеп құрылысын салуға қаржы қарастыру, ауыл тұрғындарын жеңілдетілген несие бағдарламалары арқылы қолдау көрсету, сондай-ақ…

Толық оқу

ЛОГИСТИКА РЕТТЕЛЕДІ

ҚХР-нан арнайы келген делегация Түркістандағы өндірістік және индустриалық аймақтарды аралап көрді. Облыс әкімі бастаған топпен іскерлік кездесу өткізіп, келіссөздер жүргізді. Көлік-логистикалық хабын қалыптастыру әрі осы жолдағы проблемаларды шешу Президент тапсырмасы. Осыған байланысты тараптар логистикалық парктердің мүмкіндіктерін зерттеу, Қазақстанның энергетика және тау-кен өндіру секторларын талдау, өңірде бірлескен қойма немесе сауда өкілдіктерін құру жайын талқылады. Инвесторлар жаңа…

Толық оқу