90 ОТБАСЫ ПӘТЕРЛІ БОЛДЫ

Шымкентте 90 отбасыға жаңа жалдамалы баспана берілді. Олардың бәрі көптен бері кезегін күткендер. Мегаполис басшысы Ғабит Сыздықбеков пәтер иелерін құттықтап, кілттерін табыстады. Жаңа үйлер Асар-2 шағынауданында орналасқан және барлық инженерлік коммуникациямен қамтамасыз етілген. Үйлерді тапсыру нысандардың дайын болуына және құжаттардың рәсімделуіне қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.   Жалдамалы пәтерлер мүгедектігі бар азаматтарға, толық емес отбасыларға, ерекше…

Толық оқу

ПРЕЗИДЕНТ ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ДАМУ БАҒДАРЫН ТОЛЫҚ ІСКЕ АСЫРУҒА БАСА НАЗАР АУДАРДЫ

Президент Әзербайжанның Габала қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшылары кеңесінің ХІІ саммитіне қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан «Түркі мемлекеттері ұйымы+» форматын құру идеясын қолдап, жаһандық қауіпсіздік жүйесі күрделі кезеңді бастан өткеріп жатқанына тоқталып , қақтығыстар мен шиеленістер, геосаяси текетірестер әлемнің кез келген мемлекетіне әсер ететін қауіпті үрдіске айналғанын алаңдаушылық білдірді.   Қасым-Жомарт Тоқаев: –…

Толық оқу

Қайрат Балабиев: — ЖАМАНДЫҚТЫ ЖАҢАЛЫҚ ҚЫЛМАУ КЕРЕК

Адам баласы жаратылғалы үнемі үдеріс үстінде келеді. Әлемде орын алып жатқан оңды өзгерістер мен ашқан жаңалықтар, сондай-ақ, жеткен жетістіктер ерен еңбектің жемісі. Ал, жер бетіндегі елдердің әркелкі дамуы бірінші кезекте әрбір адамның санасына байланысты. Тек мемлекеттің емес, адамның жақсы, не жаман болып қалыптасуы да санаға және тәрбиеге байланысты. Президент Атырауда өткен «…Өткенімен ғана өмір сүретін…

Толық оқу

«AQ-DALA – 2026»: МАҚТАШЫЛАР МЕРЕКЕСІ ӨТТІ

Түркістан облысында Дүниежүзілік мақта күніне орай «AQ-DALA – 2026» салтанатты іс-шарасы өтті. Отырар ауданы Қарақоңыр ауылдық округіндегі «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС алқабында өткен жиынға облыс әкімі Нұралхан Көшеров, өңір тұрғындары мен еңбеккерлер қатысты. Облыс әкімі мақташыларды мерекемен құттықтап, саладағы жетістіктерге тоқталды. Нұралхан Көшеров:  – Биыл облыста мақта 173,6 мың гектарға егілді. Маусым қорытындысымен 556…

Толық оқу

ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Ақордада Президент төрағалығымен еліміздің 2021–2025 жылдарға арналған ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асыру нәтижесі қорытындыланды. Үкімет негізгі көрсеткіштер бойынша межелердің орындалуын баяндады. Сонымен қатар бірнеше салалық мемлекеттік орган басшылары негізгі бағыттар бойынша есеп берді. Мемлекет басшысы геосаяси жағдайды назарға ала отырып, қоғамдық, экономикалық, экологиялық, су және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін жан-жақты қарастыру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ жиында…

Толық оқу

АШЫҒЫН АЙТТЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров азаматтарды жеке қабылдап, өңір тұрғындарының талап-тілектеріне құлақ түрді. Кездесу барысында халық жер қатынастары, баспана сапасы және кәсіп бастауға қатысты бірқатар өзекті мәселелерді ашық жеткізді. Әсіресе, Түркістан қаласындағы Жаңа қала аумағында бой көтерген 20 қабатты тұрғын үйдің сапасына байланысты шағымдар айтылды. Тұрғындар құрылыс жұмыстарының сапасын тексеріп, кемшіліктерді жедел жоюды талап етті….

Толық оқу

ЗАМАНАУИ БОРДАҚЫЛАУ КЕШЕНІ: ЖАЙЫЛЫМДЫ ҮНЕМДЕУДІҢ ОҢ ШЕШІМІ

Түркістан облысының Қазығұрт ауданында америкалық технологиямен жабдықталған заманауи мал бордақылау кешенінің құрылысы аяқталуға жақын. Құны 4,3 млрд теңгені құрайтын жоба бір мезгілде 5 мың бас ірі қараны бордақылауға арналған. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қазығұрт ауданына жұмыс сапары кезінде Қақпақ ауылдық округіне барып, «Қарқын-2030» ЖШС іске асырып жатқан инвестициялық жобаның құрылыс жұмыстарымен танысты. Өңір басшысы…

Толық оқу

ТАРИХИ ТУЫНДЫ — ТӘРБИЕ ТЕТІГІ

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының бастамасымен қала мектептерінде оқушыларға тарихи-танымдық бағыттағы көркем фильмдерді жүйелі түрде көрсету жобасы қолға алынды. Аталған бастама өскелең ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруға, олардың ел тарихына деген қызығушылығын оятып, өткенді тереңірек танып-білуіне мүмкіндік жасауға бағытталған маңызды мәдени-ағартушылық қадам болып табылады. Жоба аясында Түркістан қалалық «Мәдениет үйінде» мектеп оқушыларына «Жаужүрек мың…

Толық оқу

ӘДІЛ ӘРІ БӘСЕКЕЛІ ЭКОНОМИКА ҚҰРЫЛАДЫ

Әділет партиясының сайлауалды бағдарламасындағы төртінші басымдық – «Әділ, бәсекелі экономика» – Қазақстанның бүгінгі экономикалық жағдайына жауап беретін, елдің болашағын ойлаған маңызды бағыттардың бірі. Бұл бастаманың негізгі мәні – экономиканы тек цифрлар мен статистикалық көрсеткіштер арқылы өсіру емес, сол экономикалық өсімнің нақты нәтижесін әр азаматтың тұрмысынан сезіндіру. Яғни экономика өсті деген сөздің мәні халықтың табысы артқанда,…

Толық оқу