АҚЖАЙЫҚТАҒЫ ҮЙЛЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Шымкент қаласында тұрғындарды баспанамен қамту бағытындағы мемлекеттік саясат жүйелі түрде жүзеге асып келеді. Соның айқын дәлелі ретінде Ақжайық шағынауданында 50 отбасыға жаңа пәтердің кілті табысталды. Бұл – ел азаматтарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты қадамдардың бірі. Салтанатты рәсімге Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, қоныс иелерін қуанышты сәтпен құттықтады. Қала басшысы…
