ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ ӨТТІ

Ұлттық Құрылтайдың V отырысы өтті. Оған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Күн тәртібінде әдеттегідей тарихи, әдебиет, мәдениет, ұлттық құндылықтар мен саяси реформалар қаралды. Президент Парламентті — Құрылтай деп атауды ұсынды. Сондай-ақ бірпалаталы Парламентте 145 депутат болады. Конституциялық комиссия құрылды. Оның құрамына жүз адам кіреді. Комиссия Конституциялық реформаларды іске асырады. Конституцияға тек бірпалаталы Парламент құру бойынша емес,…

Толық оқу

БІРЖОЛҒЫ ӨТЕМАҚЫ АПТА СОҢЫНА ДЕЙІН ТӨЛЕНЕДІ

Олжас Бектенов су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы өтемақы төлеуді осы аптаның соңына дейін аяқтауды тапсырды деп хабарлайды, Үкіметтің баспасөз қызметі. Премьер-Министр Олжас Бектенов су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды өтеу мәселесі бойынша кеңес өткізді. Жиында қаржы министрі Мәди Такиев пен өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың баяндамалары тыңдалды. Бүгінгі таңда зардап шеккен 3…

Толық оқу

ТҮРКІСТАНДА БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҮЙ БЕРІЛДІ

Түркістанда Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Оған өңірдегі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, журналистика саласының ардагерлері мен медиа мамандары қатысты. Мерекелік жиын басталар алдында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңірдегі телеарналар, республикалық және жергілікті басылымдардың тыныс-тіршілігін таныстырған көрмені аралап көрді. Экспозицияда бұқаралық ақпарат құралдарының бүгінгі қызметі, шығармашылық жетістіктері мен қалыптасу тарихы кеңінен…

Толық оқу

ПРЕЗИДЕНТ KazPan ЗАУЫТЫН КӨРДІ

Президент KazPan сэндвич-панелдерін өндіретін зауыттын көрді. Кәсіпорын Kindus оңтүстіккореялық өндірісінің жоғары технологиялы автоматтандырылған желісімен жабдықталғанын жеткізді. Зауыт жылына 1,8 миллион шаршы метрге дейін өнім шығара алатынын айтты.   Мұнда заманауи жабдықтармен және технологиямен жұмыс істеу үшін Kindus-тың инженерлерді оқыту курсынан өткен 50 маман еңбек етіп жатыр. Бүгінде сэндвич-панелдер өнеркәсіптік, логистикалық, әкімшілік, спорттық және басқа да…

Толық оқу

ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС: ШЕКАРА АЙМАҚТАРЫ ТОЛЫҚ БАҚЫЛАУДА

ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ Түркістан облысында ауыл шаруашылығы алқаптарын зиянкестерден қорғау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Бүгінгі күнге дейін шегірткеге қарсы мониторинг аясында 325,09 мың гектар жер зерттеліп, оның 86,23 мың гектарында зиянкестің экономикалық зиян шегінен асқаны анықталған. Қазіргі таңда 65 секторда 290 арнайы техника мен 74 су тасымалдау көлігі жұмылдырылып, химиялық өңдеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Облыс әкімінің…

Толық оқу

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚҚА ШАҚЫРУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында қоғамдық орындарда тазалық пен тәртіпті сақтау, қоршаған ортаны қорғау және елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте мәлім болды. Жиында облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов «Таза Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде атқарылып жатқан жұмыстардың барысы туралы…

Толық оқу

ПРЕЗИДЕНТ ЗАҢҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау, электр энергетикасы және мемлекеттік мүлікті басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.   Бұл құжат арқылы Жер, Орман, Кәсіпкерлік, Бюджет, Су кодекстеріне, сондай-ақ «Азаматтық қорғау туралы», «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдары…

Толық оқу

КӘСІПКЕРЛІКТЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Кентау қаласында Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің көшпелі отырысы өтіп, Кентау қаласы мен Сауран ауданы кәсіпкерлерінің өзекті мәселелері талқыланды. Облыстық мәслихат Төрағасы Нұралы Әбішов кәсіпкерлерді қабылдады. Отырыс барысында облыс әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек өңірдегі кәсіпкерлік саласын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасап, мемлекеттік қолдау шаралары мен алдағы міндеттерге тоқталды. Кездесу аясында Кентау…

Толық оқу

МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІ КЕЛІП, ІШКІ САЯСАТТЫ РЕТТЕУДІ ТАПСЫРЫП КЕТТІ

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Түркістан облысына жұмыс сапары аясында ішкі саясатқа қатысты мәселелерді талқылауға арналған мәжіліс өткізді. Оған облыс әкімінен бастап аудан әкімдері мен басқарма басшылары қатысты. Ерлан Қарин Мемлекет басшысының бастамалары мен тапсырмаларын тиімді орындауға, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға, азаматтық қоғам институттарымен өзара қарым-қатынасқа, ақпараттық және жастар саясатына, сондай-ақ,  басқа да түйткілдерге қатысты…

Толық оқу

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтың төрағалығымен өткен аппарат отырысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмауға қатысты эпидемиологиялық жағдай, сондай-ақ субұрқақтардың биылғы жұмысы мен келесі жылға жоспарлар қаралды.   Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Қанат Қадырбеков Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында сыбайлас жемқорлық қылмыстарға жауапкершілікті қатаңдату шаралары қабылданғанын…

Толық оқу