ЕҢБЕК АДАМДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Президент жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Шымкенттің дамуына елеулі үлес қосқан еңбеккерлерге құрмет көрсетілді. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Жыл бойы жүзеге асырылған жобалар жұмысшы мамандардың мәртебесін арттыруға және олардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін дәріптеуге бағытталды. Ғабит Сыздықбеков атап өткендей, бұл бағыт Президенттің «Адал азамат – адал еңбек – адал табыс» қағидатына…
