ТҮЛКІБАСТА СУСЫН ӨНДІРІСІН КЕҢЕЙТУГЕ 8,4 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ САЛЫНАДЫ
Түлкібас ауданында ауыз су және алкогольсіз сусындар өндіретін «Beibars Bottlers» ЖШС зауытының екінші кезеңінің капсуласын салу рәсімі өтті. Салтанатты жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, кәсіпорынның алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Нұралхан Көшеров: – Бүгін облысымыздың өнеркәсіптік әлеуетін арттыратын маңызды жобаның жаңа кезеңіне қадам басып отырмыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өңдеу өнеркәсібін дамыту мен…
