ПРЕЗИДЕНТ: МӘСЛИХАТТАР – ХАЛЫҚ ПЕН БИЛІК АРАСЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ КӨПІР

Мәслихат депутаттарының кезекті форумында өңірлік саясатты жетілдіру, жергілікті биліктің жауапкершілігін арттыру және мәслихаттардың рөлін күшейту мәселелеріне кеңінен талқыланды. Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесін, экономиканы және әлеуметтік саланы жаңғыртуға арналған реформаларды тиімді жүзеге асыруда мәслихаттардың рөлі ерекше. Сондықтан өкілді органдардың әлеуетін арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі болып қала береді. «Қуатты аймақтар – қуатты ел» қағидаты аясында…

Толық оқу

ҚАБЫЛДАУДА КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ ТАПСЫРЫЛДЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесу өткізіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Нұралхан Көшеров:  — Құрметті Кентау қаласының тұрғындары! Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, облыс әкімдері барлық аудандардың тұрғындарымен кездесіп, мәселелерді ашық диалог алаңында шешу тапсырылған болатын. Осыған сәйкес, бүгін Қарт Қаратаудың баурайында…

Толық оқу

500-ДЕН АСТАМ ТАЛАНТ БІР МЕЗЕТТЕ КҮЙ ТАРТТЫ

Жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі аясында «Күй күмбірі» атты ауқымды мерекелік іс-шара өтті. Түркістандағы «Жібек жолы» саябағында 300-ден астам жас өнерпаз бір мезетте домбыра тартты. Оқушылар қазақ күй өнерінің жауһарлары – Құрманғазының «Адай», «Сарыарқа», «Балбырауын» күйлерін орындады.   Ұлттық өнерді ұлықтауға Түркістан, Кентау қаласы мен Бәйдібек, Отырар аудандарының оқушылары да қатысты. Олардың 300-ге жуығы Түркістанда, қалған 200-ден…

Толық оқу

ОБЛЫС ОҚУШЫЛАРЫ АҚШ-ТА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Түркістан облысының оқушылары халықаралық білім және технология саласындағы беделді додада жоғары нәтиже көрсетіп, ел абыройын асқақтатты. АҚШ-тың Техас штатындағы Хьюстон қаласында өткен робототехникадан әлем чемпионатында өңір намысын қорғаған команда жүлделі орынға ие болып, өздерінің бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеді. Аталған байқау – әлемдегі ең ірі ғылыми-техникалық жарыстардың бірі саналады және оған түрлі елдерден дарынды оқушылар қатысады. Халықаралық…

Толық оқу

 «ТАЗА СУ АЙДЫНДАРЫ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Түркістан облысының бірқатар ауданында «Таза су айдындары» экологиялық акциясы шеңберінде кең ауқымды тазалық жұмыстары өткізілді. Атап айтқанда, Шардара, Төлеби, Түлкібас, Сайрам, Бәйдібек, Арыс, Отырар және Сауран аудандарында ұйымдастырылған іс-шара барысында өзендер мен көлдердің жағалаулары тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, жиналған қоқыс арнайы белгіленген орындарға тасымалданды. Атап айтқанда, Сайрам ауданында Ақсу өзенінің 4,6 шақырым жағалауында тазалық жұмыстары жүргізіліп,…

Толық оқу

ЕҚЫҰ-мен УАҒДАЛАСТЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар кеңсесінің басшысы Алексей Роговпен кездесу өткізді. Кездесу барысында өңірлік ынтымақтастықты кеңейту, экологиялық жобаларды қолдау және тұрақты даму бағытындағы бірлескен бастамаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.   Облыс әкімі Түркістан өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтып, инвестициялық әлеуеті мен өндірістік мүмкіндіктеріне тоқталды. Әсіресе ет, мақта және жүгері бағытындағы кластерлік жобалардың…

Толық оқу

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗАЛЫҚТЫ САҚТАУ — ЭПИДЕМИЯДАН САҚТАНУ

Сарыағаш ауданында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылып, қоршаған ортаны қорғау мен қоғамдық тазалықты сақтау бағытындағы кешенді жұмыстар кең көлемде жүзеге асырылды. Аталған акцияның басты мақсаты – ел аумағын қоқыстан тазарту, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа жанашырлықпен қарау құндылықтарын дәріптеу және туған жер тазалығына деген жауапкершілікті күшейту. Тазалық – адам денсаулығы мен…

Толық оқу

ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІ ТӨМЕНДЕГЕН

2025 жылы облыс тұрғындарын тұрақты жұмыс орындарымен қамту арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге бағытталған «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» бекітілген. Жұмыспен қамту картасы аясында 130 769 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған. Бұл республика бойынша жұмыс орындарының 14,5 пайызын құрайтын, ең жоғары көрсеткіш. Өткен жылдың қорытындысымен 147 719 азамат жұмыспен қамтылып, өңір жоспарды артығымен орындап отыр. Оның ішінде…

Толық оқу

ЭКОТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ТАЛҚЫҒА ТҮСТІ

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде экологиялық туризмді дамыту мәселелеріне арналған көшпелі кеңес өткізді. Іс-шараға 50-ден астам отандық және шетелдік әлеуетті инвестор қатысып, өңірде іске асырылатын инвестициялық жобалар талқыланды. Кеңес барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес экотуризмді дамыту, табиғи аумақтарды сақтай отырып туристік инфрақұрылымды жетілдіру…

Толық оқу

ӨСІМДІК МАЙЫН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының Дарбаза ауылдық округінде орналасқан индустриялық аймақта «Альбарака 077» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өсімдік майын өндіретін жаңа зауыты ресми түрде іске қосылды. Өңірдің өндірістік әлеуетін арттыруға бағытталған бұл маңызды жобаның ашылу салтанатына аудан әкімі Арман Абдуллаев қатысып, кәсіпорынның ел экономикасына қосар үлесіне оң бағасын берді. Аталған инвестициялық жобаның жалпы құны 1 миллиард теңгені…

Толық оқу