ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ТАМЫЗДА ТАПСЫРЫЛМАҚ
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сарыағаш ауданына жұмыс сапары аясында қайта жаңғыртылып жатқан «Сарыағаш» теміржол вокзалының құрылыс алаңына барып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Өңір басшысы нысанды аралау барысында құрылыс қарқыны мен орындалып жатқан жұмыстардың сапасына назар аударып, бірқатар сын-ескертпелер білдірді. Сондай-ақ мердігер ұйымға құрылысты жеделдетуді, сапаны тұрақты бақылауда ұстауды және нысанды белгіленген мерзімде пайдалануға…
