ЖАҢА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ПУЛЫ ЖАСАҚТАЛДЫ

Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барған Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бастаған ресми және іскерлік делегация Қытайдың жетекші экономикалық әрі өнеркәсіптік орталықтарының бірі – Түркістан облысына бауырлас өңір саналатын Хубэй провинциясының әкімшілік орталығы Ухань қаласында бірқатар маңызды кездесулер өткізді. Сапар барысында өңірдің инвестициялық әлеуеті таныстырылып, нәтижесінде Түркістан облысында жүзеге асырылуы мүмкін жаңа инвестициялық жобалардың ауқымды…

Толық оқу

ТӨРТ ЗАУЫТ ШЫҒАРЫП БЕРЕДІ

Түркістан облысының агроөнеркәсіптік кешені республиканың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде стратегиялық маңызға ие өңірлердің бірі болып саналады. Жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің шамамен 13 пайызы осы аймақта өндіріледі. Сонымен қатар, суармалы егіншіліктің жоғары үлесі өңірдің ерекшелігін айқындайды: еліміздегі суармалы жерлердің төрттен бір бөлігі немесе 554 мың гектардан астам алқап дәл осы облысқа тиесілі. Бұл көрсеткіштер өңірдің табиғи-климаттық…

Толық оқу

ТҰРҒЫНДАРҒА ТҰРҒЫН ҮЙ АЛУДЫҢ ЖАҢА ТӘРТІБІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Арыс қаласында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров тұрғындармен жеке қабылдау өткізіп, азаматтардың бірқатар мәселелерін тыңдады. Кездесу барысында тұрғындар баспанамен қамту, тұрғын үй кезегіне тіркелу және жалдамалы пәтер алу мәселелерін көтерді. Облыс әкімі азаматтарға тұрғын үй мәселесін шешудің қолданыстағы тәртібін түсіндірді. 25 мамырдан бастап тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу, кезек қалыптастыру және баспананы бөлу жөніндегі…

Толық оқу

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯМЕН МАҚТА ӨСІРІЛЕДІ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Бәйдібек ауданына жасаған жұмыс сапары аясында Бөген ауылдық округінде бой көтеріп жатқан «J&B AGRO GROUP 2025» ЖШС-нің мақта өңдеу кешенінің құрылыс барысын көрді. Жаңа өндіріс орны жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Жобаны жүзеге асыруға 2,4 млрд теңге инвестиция қарастырылған. Кәсіпорын құрылысы үшін 20 гектар жер телімі берілген. Қазіргі…

Толық оқу

КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЖАҢА КЕЙІПКЕ ЕНДІ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Түркістан қаласындағы Т.Бокин көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің қазіргі жағдайымен танысып, тұрғындармен жүздесті. Кездесу барысында облыс әкіміне тұрғын үйлердің жай-күйі, инженерлік инфрақұрылымы және аумақты абаттандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпарат берілді. Жүздесу кезінде тұрғындардың ұсыныстары мен пікірлері тыңдалып, оларды толғандыратын өзекті мәселелер талқыланды. – Мемлекет тарапынан тұрғындарға қолайлы әрі…

Толық оқу

ТАҒЫ БІР ИНДУСТРИЯЛДЫ ПАРК САЛЫНАДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сарыағаш ауданына сапары барысында қала аумағында бой көтеріп жатқан индустриялық парктің құрылыс алаңын аралап, жұмыс барысымен танысты. Сонымен қатар кәсіпкерлермен жүздесіп, жобаны тиімді жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Облыс әкімі өндірістік аймақтың өңір экономикасын жандандырудағы рөлін ерекше атап өтіп, жауапты мамандар мен инвесторларға құрылысты сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды жүктеді. Нұралхан…

Толық оқу

50 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ АСАРЛАТЫП ТАЗАЛАДЫ

Бүгін Түркістан облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы шеңберінде «Асарлату» атты экологиялық іс-шара өткізілді. Бастаманың басты мақсаты – арықтар мен суару каналдарын тұрмыстық қалдықтардан тазарту, су арналарының еркін ағып өтуіне жағдай жасау, қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз ету және тұрғындардың экологиялық мәдениетін дамыту. Бұдан бөлек, ұлттық дәстүріміз – асар арқылы жұртшылықты игі іске жұмылдырып, елді мекендердің…

Толық оқу

ҚҰНЫ 78 МИЛЛИОН АҚШ ДОЛЛАРЫН ҚҰРАЙТЫН МЕМОРАНДУМДАРҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Ақтау қаласында Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Өңірлер басшылары кеңесінің алғашқы отырысы және «Қазақстан – Өзбекстан: бірлескен жобалар және өсудің жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында бизнес-диалог өтті. Маңызды жиынға Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов, Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов, сондай-ақ екі мемлекеттің орталық мемлекеттік органдарының, өңірлерінің және бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты. Алдымен бизнес-форум ұйымдастырылып, оның қорытындысы Түркістан облысы…

Толық оқу

«АУЫЛ АМАНАТЫ» НӘТИЖЕСІ: 3 ЖЫЛДА 4 635 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ

Түркістан облысында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес халықтың әл-ауқатын жақсарту, ауыл тұрғындарының табысын арттыру және кәсіпкерлікті дамыту мақсатындағы «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Бағдарламаның орындалу барысы мен алдағы міндеттер облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде жан-жақты қаралды. 2023–2025 жылдары «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру үшін республикалық бюджеттен 30,2 млрд теңге бөлінді….

Толық оқу

ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ШАБУЫЛ: ТҮРКІСТАНДА КЕҢ АУҚЫМДЫ НАУҚАН ЖҮРІП ЖАТЫР

Түркістан облысында үйірлі шегірткеге қарсы күрес жұмыстары биыл ерте басталып, жүйелі әрі ауқымды түрде жүргізілуде. Науқан облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тікелей бақылауында. Мамандардың айтуынша, соңғы жылдардағы құрғақ климат зиянкестердің жаппай көбеюіне қолайлы жағдай қалыптастырған. Осыған байланысты фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету өңірдегі басым міндеттердің біріне айналды. Облыс әкімі Келес ауданына арнайы барып, шегірткеге қарсы күрес шараларының…

Толық оқу